Қыздарымыз үздік мергендер қатарында

Мектебіміздің мерген қыздары ашық біріншілікте жүлдегер атанды. ҰОС батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан «Мерген ару-2023» ашық қала Чемпионатына қатысқан Арна Дарханқызы, Раушан Русланқызы, Алина Мороз командалық ІІ орынға ие болды.


Команда жетекшісі, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Мәди Жылқыбаевтың айтуынша чемпионатқа 16 команда қатысқан. Сонымен қатар, Алина жекелей сында пневматикалық мылтықтан тіремей атуда І орын, пневматикалық мылтықтан тіреп атудан ІІІ орынды жеңіп алған.