Көшет отырғызды

Мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарымен әкімшілік, ұстаздар ғана емес оқушылар және ата-аналарда белсене айналысады. Жыл сайын шәкірттеріміз өз күштерімен түрлі көшеттер алып келіп отырғызып жүр.


Қалыптасқан дәстүрді бұл жолы 12 сынып оқушылары жалғастырып, мектеп ауласына 5 түп шырша ағашын отырғызды. Бұл шараға 12 сынып ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысты. Осы әрекеттері арқылы олар ауланың әрленуіне ғана емес ауаның тазарып, қоршаған ортаның дамуына да үлес қоспақшы.