Ардагерлерімізді ардақтаймыз!

Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары жылдағы дәстүр бойынша мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.


Шәкірттеріміз одан әрі қаламызда тұратын Әбдіғали Қаймолдин, Матвей Юрченко, Николай Бутько есімді ардагерлердің үйіне барды. Ардагерлер өздерінің жорық жолынан естеліктер айтып, жастарға батасын берді. Оқушылар өз кезегінде аға буынның жасаған ерлігі үшін алғыс айтып, сыйлықтарын табыстады.