SummerSchool 2023

Білім ошағымызда жылдағы дәстүр бойынша жазғы мектеп ұйымдастырды. Бүгін осы мерекенің ашылуы болып, 400 –ден аса оқушыға көңілді демалыс сыйлауды бастады.


– Жазғы мектеп әр оқушыға демалысты қызықты өткізуге көмектеседі. Біз өз тарапымыздан балалардың сұранысын қанағаттандыруға тырыстық. Бізге келуші балалардың саны да аз емес. Осыны ескере отырып, «Журналистика», «IELTS», «3Д моделін құрастыру», «Y-PEER», «Цветной мир», «Кальер Мода», «NIS Start UP WEEKEND, «Зерделі», «Химия в разных направлениях», «Қағида» дебат клубы, «Cook s Magic», «Робототехника», «Мобилиография», «Самұрық», «Арт клуб», «Клуб юных физиков», «Биология 11 классы», «Fun in the Sun» сынды курстар алдағы 7 күн бойы оқушыларға дәріс береді,-дейді «Summer School 2023» үйлестірушісі Ақлима Сексенбаева.


Бұдан бөлек, халықаралық ұстаздар көмегімен шығармашылық белсенді тренингтер, қызықты ойындар өткізеді деп жоспарланды.