Жатақхана оқушылары арасында үстел теннисінен Чемпионат өтті

Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасы оқушылары арасында үстел теннисінен «Жатақхана Чемпионаты» өтті. Бұл жарыс жатақхана оқушылары арасында жыл сайын, дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Аталған жарысты тәрбиешілер ӘБ мен дене шынықтыру ӘБ бірлесе отырып ұйымдастырды.


Жарыс басталмас бұрын төрешілер алқасы ойын кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен және ойынның ережесімен таныстырып өтті, сондай-ақ жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


Жарыс ер балалар мен қыз балалар арасында жекелей сында, айналмалы жүйе бойынша өтті. Тартысқа толы жарыстың жүлделі орындары келесідегідей анықталды:
Ер балалар арасында:
1 орын – Олжас Рахым;
2 орын – Алижан Қалдыбай;
3 орын – Әлемжан Ахметжанов;
Қыз балалар арасында:
1 орын – Аида Маргарян;
2 орын – Раушан Русланқызы;
3 орын – Әсел Рахымжанова;
Жарыс жеңімпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.