Еріктілердің «Балаларға көмектесейік» әлеуметтік жобасы

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен шаһарымыздағы «Мамандандырылған бала үйі» арасындағы меморандумға сәйкес мектебіміздің 7 сынып оқушылары жаңа жыл қарсаңында арнайы барып, кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл –күй сыйлады. «Global Issues Network» әлеуметтік жобасының аясында ұйымдастырылған «Балаларға көмектесейік» жобасында шәкірттеріміз бүлдіршіндер үшін ертеңгілік ұйымдастырып, бала үйінің тәрбиешілеріне қолғабыс етті.