2 алтын, 2 күміс

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірттері үлкен жеңіске қол жеткізіп, қуантып тастады.


Шымкент қаласында наурыздың 20-25 аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы өтті. Аталған білім бәйгесіне мектебімізден 4 оқушы қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.


Олимпиадаға информатика пәнінен қатысқан 12 сынып оқушысы Мухаммадариф Сахмолдин, биология пәні бойынша 9 сынып оқушысы Серік Бексұлтан I орынға (алтын медаль), физика пәнінен 10″К” сыныбының оқушысы Мирас Амирбеков, 10″В” сыныбының оқушысы Дамир Екібаев II орынға (күміс медаль) ие болды.