Мұхаммадарифтің кезекті алтыны

12 сынып оқушысы Мұхаммадариф Сахмолдинге информатика пәнінен бәсекелесетін қарсылас табылмай тұр. Шәкіртіміз кезекті мәрте халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтынын жеңіп алды.

Дәстүрлі білім бәйгесі математика, физика, информатика пәндерінен 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Соңғы екі жылда өз қарсыластарын “шаң қаптырған” Мұхаммадариф чемпиондық “дубль” жасады.