Республикаға жолдама алды

Абай облысы білім басқармасы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өткен дебат турнирінде мектебіміздің екі командасы жүлдеге ие болды.


Республикалық ұлттық пікір-сайыс турниріне іріктеу мақсатында өткізілген облыстық кезеңге қатысқан 11 сынып оқушысы Аяулым Нургожина мен 9 сынып оқушысы Ален Аусенов жұбынан құралған «Slayers» командасы (жетекшісі: З.Зайниева) ағылшын лигасында І орын алса, 11 сынып оқушылары Зере Мәжит пен Аружан Аукеновалардың «EffBadd» командасы (жетекшісі: Ә.Дүйсенбаева) ІІІ орынға жайғасты.


Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Жеңімпаз «Slayers» командасы кубокпен бірге республикаға жолдама ұтып алды.