Тоғжан топ бастап, Аружан абыройлы болды

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қыздары шаршы тақтаның шебері екенін дәлелдей білді. Дәстүрлі желілік спартакиадаға қатысқан 8 сынып оқушысы Тоғжан Кирибаева өз қатарластарынан озық шығып І -ші, 11сынып шәкірті Аружан Қаймолдина ІІІ орынды жеңіп алды.

– Биылғы желілік спартакиада онлайн өткізілгеніне қарамастан жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Команда құрамына болашағы зор оқушыларымызды іріктеп алдық. Солардың арасынан Тоғжан мен Аружанның айы оңынан туып, қуантып отыр. Олардың жеңісінен бөлек, Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында жалпы командалық есепте ІІІ орынға ие болдық, -дейді жаттықтырушы Мұрат Оқасов.