Республика күні аталып өтілді

Ағымдағы жылдан бастап 25 қазан Республика күні – Ұлттық мереке ретінде аталып өтілетін болды. Тәуелсіз Қазақстанның төл тарихында айшықты орны бар бұл мерекенің мән-маңызын өскелең ұрпақ жақсы түсінеді.

Бүгін мектебімізде осы мерекеге орай шәкірттеріміздің күшімен театрландырылған – музыкалық қойылым әзірленіп, ұстаздар қауымын бір серпілтіп тастады. “100 күй”, “100 ән”,”100 кітап” сынды көптеген желілік жобалардың желісімен дайындалған қойылым оқушылармыздың мектеп ұжымына деген алғысы іспеттес. Бір-бірімен ұштасқан сценарий желісі көрерменнің көңілінен шықты.