«Қасқабұлақ» шаңырағының шеберлік сабағы

Мектебіміздің 9«В» және 7«Д» сынып оқушыларынан құралған «Қасқабұлақ» шаңырағы координаторлары Әйгерім Жұманиязқызымен бірлесе отырып, әлеуметтік жобалармен айналысуда. Жуырда олар «Ақылтай» балабақшасының «Fantasy» ересек тобына шеберлік сағатын өткізді. Мақсат – балаларды сурет салуға, өнерге қызықтырып, ойын арқылы жан-жақты дамуына ықпал ету.

            – Қазір балалардың бір-бірімен ойнап, қарым-қатынас жасауы азайып келеді. Оның себебі – ұялы телефон. Ол баланың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан «Қасқабұлақ» шаңырағы балабақша тәрбиешілеріне тәрбие жұмысында жәрдем көрсеткісі келді, -дейді щаңырақ координаторы Әйгерім Жұманиязқызы.