Үзілісаралық викторина

«Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» жобасының жоспарына сәйкес туған жер, Отан тақырыптарында мақал-мәтел айтудан үзілісаралық викторина өтті. Викторинаға үзіліс кезіндегі кездейсоқ оқушылардан бөлек, ұстаздар, мектеп қызметкерлері қатыстырылды.


Викторинаның шарты бойынша оған қатысушы айтылған мақалдың қалған жартысын аяқтауы керек. Осы арқылы біз ұжымда елге, жерге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін тағы бір мәрте оята білдік.