Ұстаздық еткен жалықпас …

Мектебімізде ұстаздар күні қарсаңында мерекелік салтанатты шара өтті. Шараға ардагер ұстаздар арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді.


Мектеп директоры Бағдан Қайыржанов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, еңбек жолын жаңа бастаған жас ұстаздарға өмірлік көмек болар көптеген тағылымды кеңестерімен бөлісті.


Еңбекте шығармашлық әрі креативтілігімен көзге түскен көптеген ұстаздарымыз ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ басшылығы және мектеп директорының құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.


Шара шәкірттеріміздің концерттік бағдарламасымен, ата-аналар комитетінің құттықтауы мен ән шашуымен жалғасын тапты.