Еркебұлан ерледі

Мектебіміздің 8 сынып оқушысы Еркебұлан Досан тоғызқұмалақтан 15 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жекелей республикалық чемпионатта блиц түрінен І орын, классика түрінен ІІ орынға ие болып, алтын және күміс медальды жеңіп алды.


Алматы қаласында өткен чемпионатта шәкіртіміз 9 қарсыласпен бақ сынасқан. Енді Еркебұлан қазан айында өтетін желілік жарыста мектеп намысын қорғауға дайындық жүргізуде.