5 қыркүйек – Қазақстан Халқы тілдері күні. Айтулы мерекеге орай мектебіміздің кәсіптік бағдар беру маманы Мәди Измаилов, 12 сынып оқушылары Ермек Әзбергенов, Расул Байдалин облыстық “Semei” телеарнасының таңғы эфирінің қонағы болды.
“Көп тіл білудің пайдасы” тақырыбында өткен бағдарлама барысында олар мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп, дамытуға қосып жүрген үлестері, сондай-ақ өзге тілдерді меңгерулері, мамандық таңдауда басшылыққа алатын жайттар туралы өз ойларымен бөлісті.
Ермек қазақ, орыс, ағылшын және неміс, ал Расул қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерін меңгерген.