Тілдер күні өтті

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында мектебімізде “Тілдер күні” өткізілді. Шараға қазақ, орыс, ағылшын тілдері әдістемелік бірлестіктерінің ұстаздары жетекшілік етіп, шәкірттеріміздің білім деңгейін таразылап, тілге деген қызығушылығын арттыратын түрлі сайыстар, қызықты ойындар ұйымдастырды.