«Нептун» күні

Жазғы мектебіміздің 8 –ші тәулігі “Нептун” күніне арналды. Оған тәлімгерлер, еріктілер және оқушылар қызығушылықпен қатысты. Әдеттегідей теориялық сабақтан аяқталысымен, мектеп ауласына жиналған оқушылар түрлі-түсті әуе шарлары, бөтелкелер, ойыншық тапаншаларға толтырылған суды бір-біріне шашып ойнады. Сонымен қатар, өзге де қызықты ойындар ойналып, оқушылардың көңілі көтерілді.

– Балалар үшін арнайы  ұйымдастырылған «Нептун» күні көңілімізден шықты. Менің ойымша, осындай мерекелерді жиі ұйымдастырылып тұру керек, себебі бұл коммуникация мен топтық жұмыс секілді дағдыларды дамытуға өз ықпалын тигізеді. Сонымен қатар балаларды ойын арқылы дамытады,-дейді ерікті Аружан Мұратова.