Көңілді квест

Жазғы мектептің әр күні біріне бірі ұқсамайды. Өзінің жан-жақтылығы, әр қырлығымен келушілерді баурап алады. Кезекті күн оқушылар үшін көңілді жаттығу, сергітуден басталып, әркім өз қалаулары бойынша жазылған курстарында сабақтарын жалғастырды.


Күннің екінші жартысы халықаралық ұстаздардың активитиіне ұласты. Ол жерде қызықты квест өтті. Осы ойын арқылы балалар командалық ауызбіршілікте жұмыс жасауды меңгеріп, өз күштері мен тапқырлықтарын сынап көрді. Күн көңілді және есте қаларлықтай өтті. Еріктілер тобы барлығына сәттілік пен көтеріңкі көңіл-күй тілейді!