Құндылықтар. Мақсат қою

Жазғы мектебіміздің кезекті күні өтті. Күніміз қызықты, әрі әсерлі әуенді сергіту биімен басталды. Жазғы мектепке келушілер клубтар бойынша бөлініп, жаңадан ақпараттар меңгеріп, өздерің дамытумен айналысты.


Түскі астан кейінгі көшбасшы сағаты “Құндылықтар. Мақсат қою” тақырыбында өтіп, ынталарын арттырды. Осы сабақ оқушылардың болашақта үлгілі, бетке ұстар көшбасшы болуына көп үлесін қосары сөзсіз.


Одан әрі халықаралық ұстаздарымыз мистер Бертранд және мистер Марсель ойластырған қызықты ойын бағдарламасы жүргізілді. Іс-шара жазғы мектептің окушылар арасында топтық рухты арттыруына көп септігін тигізді.


Жалпы, күн өте көңілді және өзіндік қызықты сәттерімен барлығымыздың есімізде қалды.