Әз-Наурыз тойланды

Мектебімізде Ұлыстың Ұлы күні тойланды. Шараға мектеп ұстаздары, оқушылары, тіптен ата-аналарына дейін белсене қатысып, Әз-Наурыздың сән-салтанатын арттырды. Театрландырылған көріністен басталған мерекелік шара өнерпаз шәкірттеріміздің әуезді әуен, ырғақты биіне ұласты.


Мектеп ауласына ата-аналар күшімен ақ шаңқаң киіз үйлер тігіліп, ішіне қазақы дастархан жайылды. Әр шаңырақ мүшелері елімізді мекен етуші түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімін киіп, әнін айтып, биін биледі. Тіптен сол ұлттың болмысына қатысты түрлі зияткерлік, спорттық ойындар ойналды.