Блогермен өткен жүздесу

Әр апта сайын өтетін “Даналық бейсенбісі” жобасының бүгінгі қонағы – Жасұлан Құрманғалиев. Қаламыздағы алғашқы блогерлердің бірі. Әлеуметтік желідегі қаралымы мен таралымы, оқылымы жоғары түрлі аккаунттардың әкімшісі. Технология қарыштап дамыған дәуірде әлеуметтік желінің дәурені жүріп тұр.


Біздің шәкірттерімізді де осы сала ерекше қызықтыратыны анық. Бүгінгі кездесуде олар жоба қонағына блогерлік, журналистік жайында өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қызықты жауаптар алды.


Өзінің алғашқы блогерлік қадамынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі атқарып жүрген істерін айта отырып, Жасұлан Құрманғалиев өзінен кейінгі буынға кеңестерімен бөлісті.