Ринат үздіктер қатарында

Ринат Еркінбек мектебіміздің 11 сыныбында оқиды. Жуырда ол дәстүрлі «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми байқауында жеңімпаз атанды. Байқау Мәскеу қаласында өткізіліп тұратын. Биыл қашықтықтан ұйымдастырылды.


Ғылым бәйгесінің «Табиғаттағы және қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері» секциясында бақ сынаған мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері арасында шәкіртіміз суырылып алға шықты.
Ринаттың «Биогаз қондырғысын бағдарламалау мен модельдеуде математикалық функцияларды қолдану» тақырыбындағы еңбегі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, І орынды жеңіп алды.


Баспасөз қызметі