Зерделі оқушылар «Зерде» – де жүлдегер атанды

Елімізде «Зерде» ХІІІ Республикалық оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының байқауы аяқталды. Аталған байқау алдымен мектепішілік, соңынан желілік кезең өткізілді. Осы кезеңдерде сүрінбей өткендердің арасында мектебіміздің 7 «С» сыныбының Ильяс Махатов пен 7 «Д» сыныбының Алина Мороз есімді оқушылары бар.

            Аталған қос шәкіртіміз  республикалық байқаудың «Робототехника» секциясы бойынша жүлделі 3 орынға ие болды. Ғылыми жетекшілері  Журбенко Зоя Михайловна және Колесникова Юлия Борисовна.

Баспасөз қызметі