«Ізгі тілектер мезгілі» атты психологиялық акциясы.

Мектептегі оқушылар және ұстаздардың көңіл – күйін көтеру, психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Ізгі тілектер мезгілі» атты психологиялық акциясы, қыркүйек айының 18-і ұйымдастырылды. Мектебіміздің ауласында арнайы «Ізгі тілектер мезгілі» атты бұрыш дайындалған болатын. Акцияға қатысушылар өз жылы лебіздерін, тілектерін жапырақтарға жазып, осы бұрышқа орналастырды. Жылы сөздердің ішінде ең көп кездескен тілектердің бірі: сабақты жақсы оқу, денсаулық, олимпияда жеңістері. Жоғарғы сынып оқушыларынан емтиханды сәтті аяқтау және Назарбаев Университетіне оқуға түсү. Әрине, жылы сөздер, позитивті ойлар әр кез адам жұмысының жақсы болуына, көтеріңкі көңіл-күйіне үлкен әсерін тигізеді. Аталған іс-шараға барлық оқушылар, ұстаздар, мектеп ұжымының басқа да мүшелері белсенділік танытты. «Жақсы көңіл-күй – жан азығы» демекші барлық оқушыларға, ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй тілейміз.

Психологиялық қызмет