Оқушылар «Мамандық әлемі» жобасында пікір алмасты

Мектебіміздің 9-сынып оқушылары арасында қашықтықтан «Мамандықтар әлемі» жобасы аясында  “Жеке кәсіби перспективаны анықтау»  тақырыбында   пікірталас сабағы өткізілді. Өмір бойы оқу құндылығы мен мамандық таңдаудың негізгі шарттарын танытуды мақсат еткен сабақта оқушылар  мамандық таңдауда оң шешім қабылдау, еңбек қуанышын сезіну, өзінің бойындағы қасиетін танудың маңыздылығы мен ұстаздық мамандық туралы  пікір алысты.

«Еңбекқорлық, еңбекті қадірлей білу – табысты болудың көзі», – дейді оқушылар.  Оқушылар сондай- ақ психогеометриялық тест арқылы өз қабілеттерін тексеріп көрді. Ғұлама Әл-Фарабидің «Ісің оңсын десең, сол істің маманы бол. Даңқың шықсын десең, көпшіліктің адамы бол», – деген қағидасының маңыздылығын алға тартты.

Оқушылар өздері келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойларын дәлелдеді. Солардың ішінде төмендегі сұрақтар ерекше назарға алынды.

  1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
  2. Мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады
  3. Мамандық таңдауда психологтің  көмегі қажет
  4. Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
  5. Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды
  6. Мамандық таңдау – күнкөріс қамы
  7. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.

Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

Қоғам мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап ететінін  оқушылар кері байланысынан байқатты.

М. Биахметова,
А.Ибрагимова,
З.Даулетова,
Педагог – ұйымдастырушы – кураторлар