Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі – қазақ тілі

«Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл, қуатты тіл – қазақ тілі», –деп ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, оқушыларымыздың интеллектуалдық ой – өрісін, танымдық деңгейлерін, тіл байлығын, сөйлеу шеберлігін дамытып, адамгершілікке патриоттық сезімге баулу мақсатында тілдер мерекесіне орай мектебімізде  «Мәңгілік Елдің Мәңгілік тілі-қазақ тілі» атты онлайн TEDx конференциясы өткізілді.

Конференцияға 11 «А» сыныбынан Аружан Тоқанова, 11 «В» сыныбынан Аружан Мүбәрак, 11 «Е» сыныбынан Әдия Оразғазы, 11 «К» сыныбынан Диана Дүйсенбекова, 11 «Л» сыныбынан Галина Коптелова, Малика Рамазан, 11 «С» сыныбынан Кирилл Желтоухов сынды оқушылар қатысып, белсенділіктерімен көзге түсті. Әр қатысушы «Асыл мұра – қазақ тілі» ұғымын ашу, тілді дамытуға, кең қолданысқа енгізуге қатысты өз ұсыныстарын білдіру, аудиторияның назарын аудару мақсатында әртүрлі тілдік тәсілдерді қолдану, шынайы өмірмен байланыстыру, түйінді ой – тыңдаушыға ой салусынды негізгі 5 ұстанымды ұстанды.

Оқушылар осы ұстанымдарды қамти отырып, қазақ тілінің дамып, сұранысын арттыруға мүмкіндігі орасан екендігін алға тартты. Олардың пікірінше, тіліміздің жойылып, құрып кетпеуіне ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Алаш арыстары мен Абай, Шәкәрім, Мұхтар сында дара тұлғалардың атқарған еңбектері орасан зор екендігін анық байқауымызға болады. «Тіл жойылса, ұлтта жойылады» деген қауіппен ұлтты сақтап қалуды ойлаған Ахмет, Мағжан, Ілияс, Міржақып аталарының бастарын қатерге тігуі мен қазақ жазба әдебиетінің көрнекті тұлғаларының құнды шығармалары мемлекеттік тіліміздің күні бүгінге дейін жетуіне себепші дейді бүгінгі өскелең ұрпақ. Конференция барысында осы ұлылардан үлгі алып, олардың бастаған жолын жалғастыру қажет екендігі айтылды. Нәтижесінде шәкірттеріміздің бойынан патриоттық, адамгершілік, жауапкершілік құндылықтарынын басым екендігін көрдік.

Өткір ой, тұщымды пікір білдірген оқушыларымыз марапатсыз қалған жоқ. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Асулан Кәкенов, Ақбота Жайсаңбаева, Ұлпан Камбелова, Назгүл Байбусинова, Бекзат Ерланұлының шешімдерімен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» аталымы 11 Е сыныбының оқушысы Мүбәрак Аружанға берілді. Басқа қатысушыларымызға «Сөз шебері», «Ұтымды ұсыныс білдіруші», «Аудиторияны баураушы», «Кемеңгер ой иесі», «Үздік спикер», «Тіл жанашыры», «Көркем сөз» аталымдары табысталды.

Конференция соңы Жүсіпбек Аймауытовтың: «Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» – деген қанатты сөзімен қорытындыланды.

Н.Сұлтаева,
М. Қажыкенов,
А. Ибрагимова,
Ж. Имангаликова,
Педагог – ұйымдастырушы – кураторлар