Гайшабану – жүлдегер

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 «Д» сыныбының оқушысы Гайшабану Шакиржанова әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының Кубогында 16-17 жас аралығындағы қыздар арасында өткен әскерилендірілген кросстан 3 -ші орын алды.
– Кубок жолындағы жарыс 29 қазан мен 4 қараша аралығында Алматы қаласында өтті. Аталған жарысқа Гайшабану облыс құрама командасының мүшесі ретінде қатысты. Биязы, сабырлы шәкіртіміз жүгіру алаңына шыққанда мүлдем өзгеріп сала береді. Жеңіске деген құштарлығы басым. Жасы 14 -те ғана болса да, өзінен ересек қыздармен сынға түсіп, жүлделі 3-ші орынға қол жеткізуінің өзі үлкен жеңіс, – дейді мектебіміздің алғашқы әскери және  технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Қуаныш Мұхамадиев.

Баспасөз қызметі