Шәкірттеріміз жүлделі орыннан көрінді

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде волейболдан ІІ-аймақтық спартакиада мәресіне жетті. Айтулы спорт додасына Өскемен, Павлодар, Талдықорған, Қостанай, Семей, Петропавл және Тараз қалаларындағы Зияткерлік мектептерден 100-ден астам оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша біздің мектептің ұлдар командасы жүлделі 3 -ші орынға ие болды. Жүлдегер шәкірттеріміз бен команда жаттықтырушылары Ерлан Жакупов пен Арна Тілеужанды жеңістерімен құттықтаймыз!!!