Спорт пен өнерді тең ұстаймыз

Жазғы мектептің әр күні ерекшелігімен есте қалуда. Мәселен, 4 күн оқушылар үшін денешынықтыруға арналды. Осыған орай, жауапты ұстаздар мен еріктілер денешынықтыру пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырды. Мектеп ауласындағы спорт алаңына жиналған жазғы мектеп тәрбиеленушілері футбол, волейбол, баскетбол, бадминтон ойнап, физикалық қарым-қабілеттерін сынап көрді. Осылайша, «Дені саудың –жаны сау» екенін, денсаулықты қалыпты ұстауда спорттың пайдасы мол екендігін оқушылар тағы бір мәрте көкейлеріне түйе білді.
Бұл күні төменгі сынып оқушылары қыштан мүсін жасау ісімен танысып, сурет салып, қолөнер бұйымдарын әзірлеумен шұғылданды.