Ойын арқылы дамимыз

Жазғы мектептің екінші күні денеге күш беретін түрлі жаттығулардан басталды. Одан әрі әр ақпаратқа зейін қойып, жаңа дүниені үйренуге талпынған оқушыларға топтық жұмысты дамытатын жаңа шаралар ұйымдастырылды. Солардың қатарында “Жіптер курсы”, оның ішінде:”Сарбаз,айдаһар жəне ханшайым”,”Дөңгелектер”,”Қанатты тарту”,”Бірге тұру”,”Сен мені сүйесің”,”Бір,екі,үш”,”Піл” ойындары оқушылардың қызығушылығын тудырды. Соның нәтижесінде олар өздері де белсене қатысып, жаңа қырларынан танылды. Бұл ойындар балалардың жеке тұлға ретінде өсуіне септігін тигізеді. Күн қызықты сəттерімен есте қалды. Алдағы тәулікте де көңілді оқиғалар көп боларына сөз жоқ.