Мектеп миссиясы

Пайымдау:

Біздің барлық оқушыларымыз жаһандық әлемнің бәсекеге қабілетті азаматтары.

Миссия:

Сапалы білім:

Жоғары сапалы оқыту. Уақыт сынақтарына сәйкес келетін білікті түлектер.

Жоғары сапалы оқыту – оқушы қалауы мен мұғалімнің оқыту стратегиясы сай келуін қамтитын, екі жақтың үздіксіз жетілдіріп отыратын бірлескен іс-әрекет процесі. 

– Дамытушы орта:

Қолайлы климат. Тұлғаның жан-жақты дамуы. Үш тілді орта.

– Жаһандық құзыреттер:

Жаһандық деңгейде ойлап,  жергілікті жерде әрекет етіңіз:

– өзінің мәдени ерекшелігін білу;

– ел мен әлемнің мәдени әртүрлілігін бағалай білу;

– басқа адамдармен сыйласып және тиімді қарым-қатынас жасай білу;

–  әр түрлі қоғамда бірге өмір сүре білу;

– жаһанданудың адам мен қоғам өмірінің барлық аспектілеріне әсерін талдай білу;

– жаһандық сипаттағы мәселелер мен оқиғаларды әртүрлі көзқарастардан сыни тұрғыдан талдай білу;

– жергілікті мәселелерді шеше білу.

Цифрлық азаматтық – бұл азаматтар мен мемлекет, адамдардың өзара әрекеттесуінде цифрлық технологиялар мен ресурстарды тиімді, жауапты және қауіпсіз пайдалануды жүзеге асыратын жаһандық құзыреттердің бөлігі.

Оған жататындар:

– қоғамды жақсарту үшін технологияны қолдана білу;

– интернетте адамдармен (соның ішінде сізден басқа сенімдері бар адамдармен) құрметпен сөйлесе білу;

– интернет-ақпарат көздерінің дұрыстығын анықтай білу.