Ұстаздар үшін ашық есік күні өтті.

Семей қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-8 қараша күндері жалпы білім беретін мектептердің  мұғалімдеріне  Ашық есік  күні  өтті.  Ашық есік күніне жалпы саны  жалпы білім беретін 386 мектеп ұстаздары және  қалалық білім бөлімінің  әдіскерлері қатысты.
7 қараша күні математика, физика, химия, биология, информатика, музыка, көркем еңбек пәндері, 8 қараша қазақ тілі,  орыс тілі,  ағылшын тілі, дене шынықтыру, дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы  пәндерінің мұғалімдері  сабақтың өтілуін бақылады.  Әр сабақтан соң  мұғалімдермен сабақты талдау  жүргізілді. Кері байланыс ашық сабақтың  тиімділігін көрсетті. Сындарлы диалог барысында  ұстаздар осындай ашық сабақтарға алғаш келгендерін айтып, қалыптастырушы бағалаудың тәжірибеде қалай дұрыс жүргізілетінін, дағдыларды дамытудың жолдарын білгендерін атап өтті. Қатысушылар оқыту  және оқу  мәселелері бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Сабақты жоспарлау, өткізу және  қалыптастырушы бағалауды  ұйымдастыру  барысында кездесетін қиындықтарын ортаға салып, тренер мұғалімдерден  кеңестер алды. Ашық есік күні алдағы  уақытта да өз жалғасын таппақ.

Дидар Үсенова,
Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері