Тірек мектеп мұғалімдері NIS-те тәжірибе алмасты

«Ауылды мекендегі тірек мектептерінің потенциалын арттыру» жобасы аясында Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тірек мектептерінің ұстаздарына арналған оқыту семинары өтті.      

Іс-шара ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім беру жүйесіндегі берік байланысты орнатып, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруды мақсат етеді.           
Аудандық білім беру мекемелерінің ұстаздары үшін Зияткерлік мектептегі әріптестер бейіндік пәндер бойынша арнайы бағдарлама әзірлеп, тәжірибе алмасуға жағдай жасады.

Біліктілігімізді арттыру мақсатында облысымызға қарасты ауыл мектептерінің мұғалімдері NIS ордасында бас қостық. Оқушыларды бағалау критерийлері, ақпаратты іздеу, оны оқушыға оңтайлы ұсыну бағыттары бойынша тың ақпараттар ала алдым. Жалпы жоба ауыл мектептерінің дамуына мол мүмкіндік беретінін анық, – деді Жарма ауданы, Қалбатау ауылының тарих пәнінің мұғалімі Орынбек Берікболов.