ТЕДх конференциясы өтті

Мектебімізде ТЕДх клубының қалалық конференциясы өтті. Конференцияға №5, 6,37 мектеп-гимназиялары мен №29 орта және өзіміздің білім ошағының шәкірттері қатысты. Қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылай отырып, шешендік дағдыны дамытуға бағытталған басқосу да бірнеше тақырып талқыға түсті. Солардың арасында «Әлемнің сұлулығы мен бақыт», «Қоғамның құрылымы», «Қазіргі бостандықтың мәні» сынды сұрақтарға жан-жақты жауап іздеді.


Талғамы жоғары жас шешендерміздің өнерін педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнар Жұмаділова, аға оқытушы Айжан Оспанова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төлеубек Демежанов сынды жоғары оқу орындарының мамандары бағалады.


Конференция қорытындысы бойынша қаламыздағы экономикалық лицей оқушысы Анель Бектергазыева «Ең үздік спикер» атанды.