Мен – көшбасшымын!

Мектебімізде педагог-ұйымдастырушы-кураторлар Ақлима Сексенбаева, Алмагүл Ибрагимованың ұйымдастыруымен Юнеско клубының мүшелеріне арналған “Мен-көшбасымын!” атты облыстық тренинг өтті.

Тренингке қаламыздағы “Шәкәрім атындағы №5 мектеп-гиназиясы”, “Білім-инновация лицейі” , облыстық өнер мектебі, “4 Стены” театр үйірмесінің оқушылары қатысты.

Шараның мақсаты – оқушылардың көшбасшылық дағдылары мен топтық жұмысты ұйымдастыру қабілеттерін арттыру. Мақсатқа жету жолында тренингке қатысушылар сөз шеберлігі, қоғамға қызмет ету мен ұжымдасу, уақытты тиімді пайдалану, топта оңтайлы жұмыс істеу тәсілдеріне тоқталып, тың ақпарат алды.

Тренинг соңында қатысушылар сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болды.