Семейдегі NIS – те ауыл мектептері ұстаздарына арналған аймақаралық семинар өтті

Семейдегі NIS 2 күн бойы Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарына қарасты ауыл мектептері мұғалімдерінің басын қосып, оларға әдістемелік қолдау білдірді. Аталмыш шара «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен «Білім беруді тұрақты дамыту» Қоғамдық қорының «Ауылдық елді мекендердегі негізгі мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасының аясында  жобасы аясында өтті.

            Біз биылғы семинарға жоғарыда аталған 3 облыстың 8 тірек мектебінен 300 –ге жуық әріптестерімізді шақырдық. 2 күн бойы біз оларға оқушылардың функционалдық, цифрлық сауаттылығын қалыптастыру мен зерттеу дағдыларын дамыту бағыттары бойынша дәріс бердік. Сонымен қатар өз тәжірибелерімізбен бөлістік, -дейді білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары  Жаңабай Абуов.

            Семинарға бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, информатика, физика,химия, биология, геогрфия, тарих, көркем еңбек, денешынықтыру, музыка пәндерінің мұғалімдері қатысты.

            – Біздің міндет келешек ұрпаққа сапалы білім беру. Күн сайын ақпарат жаңарып отырған қоғамда көштен қалмай, бүгінгі заман талабына ілесу үшін білімімізді жетілдіріп отыруымыз керек. Семинар пайдалы әрі қызықты өтуде. Жаңа әдіс-тәсілдер үйрендік, -дейді Павлодар облысы, Баянауыл ауданынан келген Ерәділ Түсіпбаев.

            «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламалары орталығы өткен жылы ел аумағында 17 тірек мектебінің ұстазарына дәл осындай семинар өткізсе, биыл олардың қатарына 63 білім ошағын қоспақшы. Орталық мамандары алдағы уақытта ұстаздарды онлайн форматта да көмек бермекші.