Физика апталығы өтуде

Адам баласын қызықтырған саланың бірі – физика. Мектебімізде 10-13 сәуір аралығында физика апталығы өтуде. Апталық барысында әр күн түрлі тақырыптарды қамтып, оқушылар мен ұстаздардың физика ғылымы бойынша білімдерін молайтуға жағдай жасалды.


Мәселен, физикалық эксперименттер жасалып, “Не? Қайда?Қашан?” зияткерлік ойыны ойналды.
Ғарышкерлер күні аясында “Пленаталар шеруі” ұйымдастырылып, көкке зымыран ұшыру, телескоп арқылы аспан денелерін бақылауға мүмкіндіктер берілді.


Сонымен қатар, ұйымдастырушы – пән мұғалімдері арнайы квест ойыны мен “Тесла – тегін энергия” атты фильмді тамашалау үшін кино кешін өткізуді жоспарлап отыр.