«Кураторлық сағаттарды тиімді өткізу, жоспарлау, ресурстар»

Қараша айының 20-сы күні мектебімізге 2017-2018 оқу жылында келген кураторларымыз А.Т.Тлемісов, А.Б.Мұсабекова, Ж.Ж.Мұздыбаева , Д.Ғ.Нұрғазина, Е.Е.Кәрібаев «Кураторлық сағаттарды тиімді өткізу, жоспарлау, ресурстар» атты семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты: кураторлық сағаттарды тиімді өткізуілуін жоспарлау, ресурстар және жаңа әдістетермен тренингтер арқылы көрсету.
Семинар кураторларға тренинг түрінде өткізілді.
«Қарандаш» тренингі. Оқушылардың шыдамдылықтары мен ұйымшылдықтарын арттыру мақсатында өткізіледі. Тренингтің өткізілу барысы: оқушылар жұпқа бөлінеді. Екі оқушының қолдарына қарандаштар беріледі. Бұл қарандаштарды сұқ саусақтарымен жерге түсірмей ұстап, әр түрлі қимылдар жасайды. Егер жерге түсіп қалса қайта бастайды.
«Сен мені білесің бе?» тренингі. Тренинг ұқыптылыққа арналған. Мақсаты оқушылар жұпқа бөліну арқылы баяу әуенмен бір-бірінің көзіне мұқияттылықпен қарайды. Содан кейін жұптардың біреуін кабинет сыртына шығарады. Сол кезде екі жұп бір – бірін сипаттап жазады. (киім үлгісін, шаш үлгісін, көздерінің түсін т.б). Яғни, оқушы қаншалықты ұқыптылықпен жұбына назар аударғандығын байқауға болады.
«Айна» тренингі. Мақсаты: балалардың қиялын дамыту.
Шарты: Балалар, бет әлпеті қандай екенін аңықтайды және оның бет әлпетін атайды.
– Сендер айна боласыңдар, ал мен оған қараймын. Менің көңіл-күйім қандай? (жайдары, ашуланшақ, қуанышты, ренжулі)
– Сендердің көңіл-күйлерің қандай? – деген сұрақтар қойылады. Бұл сұрақтарға оқушылар іс-қимылдар арқылы жауап береді.
«Түйнек шешу» тренингі. Мақсаты – оқушылардың ұйымшылдығымен тапқырлықтарын, көшбасшылықтарын осы тренинг арқылы байқауға болады. Шарты: оқушы санына байланысты арнайы түйнек жіптер беріледі. Осы түйнектерді оң қолдарымен ұстап тұрып, сол қолдарының көмектерімен шешеді.
«Қараңғы геометрия» тренингі. Мақсаты – оқушылар көшбасшылыққа, ұйымшылдыққа, сыни көзқарастарын дамытуға, миға шабуыл жасай білуге үйретеді. Шарты: қатысушылардың көздері байланады да, жерге жуан жіп тасталады. Көзі байланған күйде сол жуан арқанды тауып, шеңбер жасайды да, арнайы фигура құрастырады. Мысалы дөңгелек, төрт бұрыш, үш бұрыш т.б.
Өткізілген семинарлар арқылы көрсетілген әдіс –тәсілдерді, тренингтерді кураторлық сағаттарда тиімді көрсете алуға және жоспарлай алуға көмегін тигізеді деген ойдамыз.

Н.Н.Сұлтаева,
Н.Т.Орынбекова
Педагог-ұйымдастырушы кураторлар