Семейлік ұстаздар жүлдегер атанды

Мектебіміздің қос ұстазы V Халықаралық «IMPACT Olympiad-2023» ашық шығармашылық байқауында жүлдегер атанды.


Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушылары арасында өткен дәстүрлі байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Грузия, Ресей және т.б мемлекеттерден 200 – ден астам ұстаздар қатысқан. Олимпиада барысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды.


3 күндік байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Нұрғазы Тұрсынғазин күміс медаль, информатика пәнінің мұғалімі Жасұлан Амежанов қола медаль жеңіп алды.


Әріптесіміз Нұрғазы Сейітқазыұлы зияткерлік мектеп жүйесінде – 8, Жасұлан Жасболатұлы 3 –ші жыл еңбек етуде.