«Ғұмыр» – дебат турнирінің жеңімпазы

Мектебіміздің 8 сынып оқушылары Үммігүлсім Жабағиева мен Айсұлтан Мұрзағазин «Жаңа күн – Жаңа Қазақстан» атты мектеп оқушыларының қалалық дебат турнирінде І орынды жеңіп алды. 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген дебат турниріне 20 –дан аса команда қатысқан.


– Турнирге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Халқына арнаған биылғы Жолдауы арқау болды. Жас дебатшылар жолдауда айтылған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, әр кезеңде түрлі тақырыптарда пікір таластырды. Дебат қатысушыларының өз тапсырмаларына дайындалуға жарты сағат қана уақыт берілді. Өз білімдері мен ой ұшқырлығы, дәлелді жауаптарының арқасында шәкірттеріміздің айы оңынан туды, – дейді оқушыларымыздың жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Данияр Кемешев.


Жеңімпаз атанған мектебіміздің «Ғұмыр» командасы қалалық білім бөлімі тарапынан мақтау қағазына ие болса, жетекшіге Алғыс хат табысталды.