Тәрбиешілерге арналған оқыту семинары

Жатақхана тәрбиешілері үшін АКТ дағдыларын жетілдіру бойынша практикаға бағытталған «Педагогтердің цифрлық құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы оқыту семинары өтті. Мақсаты педагогтердің кәсіби қызметте заманауи цифрлық құралдар мен сервистерді қолдану саласындағы құзыреттерінің деңгейін арттыру.


Семинар материалдары педагогтерді әртүрлі IT-ресурстар мен құралдардың мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға, сондай-ақ оларды қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Office 365 бағдарламаларында ыңғайлы жұмыс істеуге арналған жаңа мүмкіндіктер туралы, Microsoft өнімдерінің инновациялық технологиялары жөнінде тәжірибе жасалынды.


Оқытудан кейін педагогтер цифрлық білім беру технологияларын пайдалана отырып, тәрбие жоспарын жобалау әдістемесіне Microsoft өнімдерін қолдана алады, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, тәрбиеленушілерге заманауи білікті таңдай алады.


Наркес Даутбаева,
тәрбиеші көмекшісі