Өнерлінің өрісі кең

Жазғы мектептің кезекті күні де аяқталды. Оқушыларымыз жыл бойы алған білімдерімен бөлісіп, шеберліктерін шыңдауда. Осы орайда «Әдебиет пен өнер егіз ұғым» курсы да өз үлесін қосуда. Себебі ХХІ ғасырдың жастары тек қана білімді емес сонымен қатар жан-жақты зерделі әрі өнерлі де бола білуі тиіс. Курс бағдарламасы өнердің түрлері мен қазақ даласындағы өнердің дамуына кеңінен шолу жасап, жас өреңдердің бойларындағы таланттарын ашуға бағытталған.


– Оқушыларымыздың қай-қайсын алып қарасақта өнерден құр алақан емес екендігін аңғарамыз. Оның танып білудің бір кедергісі оқушылардың ұяңдығында, – дейді курс жетекшісі Мұхаммед Жеңісұлы.


Шәкірттеріміздің өнерін дүйім жұртқа паш етіп, сахнаға шығып, жұрт алдында сөйлеуді үйретуді мақсат етіп қойған курс алдағы оқу жылында да өз жұмысын әрі қарай жалғастырып, өнерлі жастардың басын біріктірмекші.


Баспасөз қызметі