Әріптесіміз жүлделі орыннан көрінді

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нартай Шолтықов «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсында жүлделі 3-ші орынға ие болды.  Қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтердің басын қосқан фестивальге мектеп, колледж, мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен оқу-әдістемелік орталықтарынан 300 –ге тарта білікті мамандар қатысты.

– Мұғалімдік мамандығына ие адам үнемі ізденісте болуы керек деп ойлаймын. Менің бұл сайысқа қатысуымның басты мақсаты – білім көкжиегімді кеңейту. Еліміздің әр қиырындағы озық ойлы ұстаздар бас қосқан жерде жаңа бір әдіс-тәсілдерді үйреніп, оны өзімнің тәжірибеме енгізсем басты жеңісім сол деп ойлаймын.  Одан бөлек, өзімде білгенімді ортаға салып «Cараланған тапсырмалар арқылы оқушылардың метакогнитивтік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы еңбегімді қорғап шықтым, -дейді әріптесіміз.

Ұстаздар педагогикалық идеяларын TED форматында қорғады.

Баспасөз қызметі