Гонконг қалалық университеті

1

Гонконг қалалық университеті (City University of Hong Kong) 20 000-ға жуық студентті дайындайтын қарқынды дамып келе жатқан институт, оның ішінде 6,5 мыңға жуық аспирант және 1000 зерттеуші бар.

City University of Hong Kong әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің қатарына, сондай-ақ The World University Rankings рейтингісіне сәйкес Азиядағы озық 20 жоғары оқу орындары қатарына кіреді. Гонконг бойынша 4-орынды иеленеді. Университет студенттік бағдарламаларды ағылшын тілінде ұсынады. CityU-де келесі мамандықтар үлкен сұранысқа ие: ғылым мен техника, бизнес, БАҚ, шығармашылық ғылымдар, құқық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, энергетика және қоршаған орта.

Университет туралы толығырақ ақпаратты http://www.cityu.edu.hk/cityu/about/intro-cityu.htm веб-сайтынан алуға болады.

CityU Қазақстанның мектеп бітірушілеріне арналған «Top Scholarship»және «Full Scholarship»стипендиясын ұсынады.

  1. Top Scholarship саны (100% тегін білім беріледі, тұру, тамақтануды қамтиды, медициналық сақтандыру, көлік шығындарын қамтымайды) — 2 орын.
  2. Full Scholarship саны (100% тегін білім беріледі, тұру, азық-түлік, медициналық сақтандыру, көлік шығындарын қамтымайды) — 4 орын.

Жоғарыда аталған орындар ветеринариялық медицина (Bachelor of Veterinary Medicine) бағдарламасын қоспағанда, бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша оқытуға арналған.

Анықтама үшін: Әрбір үміткер онлайн-өтінім жүйесінде қажетті ақпаратты университеттің сайтында толтыруы керек

Онлайн-жүйеде өтінішті тапсырғаннан кейін үміткерлер келесі құжаттарды «Халықаралық Бағдармалр Орталығы» АҚ-на тапсыруы тиіс:

  • Аттестаттың орташа балы GPA 4.5-ден 5-ке дейінгі баға
  • IELTS (кемінде 6,5) немесе TOEFL-IBT (кемінде 79 балл) жарамды сертификаты (түпнұсқасы және көшірмесі)
  • Емтихан тапсырғаннан кейін ҰБТ қорытындысы (126 баллдан кем емес)
  • Сіздің таңдаған мамандығыңыздың талаптарына сай болыңыз.
  • Соңғы 2 жылдың табелі (түпнұсқасы және көшірмесі)
  • Мотивациялық хат (көшірме);
  • Мектеп директорының ұсыным хаты (көшірме);
  • Онлайн-өтінім жүйесінде толтырылған сауалнама (баспа).

Түпнұсқалық құжаттар тексерілгеннен кейін қайтарылады.

Толық ақпаратты, оның ішінде мамандықтардың тізімін, өмір сүруге арналған шығындарды мына сілтемелер арқылы табуға болады:

Өтініштер 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін қабылданады

Құжаттар тез тігіндегіш папкасына тігіліп беріледі. Папканың мұқабасына аты, үй мекен-жайы, байланыс телефонының нөмірі, электронды мекен-жайы, жоғары оқу орны мен мамандығын көрсету қажет. Толық құжаттар Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Алтын Орда» БО, 5-ші қабат, 502-офисі бойынша қабылданады.

Сұрақтар туындаған жағдайда бізге хабарласыңыз:

+7 (7172) 76 90 81