Monash International Leadership Scholarship 

Стипендия Monash University-нің бакалавриат немесе магистратура бағдарламаларына түсуші дарынды шетелдік студенттерге арналған. Алайда, стипендия келесі бағдарламаларға арналмаған: Bachelor of Medical Science; Doctor of Medicine; Master of Business Administration (MBA); Monash Pathway programs. 

Стипендия оқу ақысын толықтай өтейді. Университет осы мақсатта 4 стипендия тағайындайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Стипендияға тек шетелдік студенттер үміткер бола алады
  2. Үміткер осы оқу орнының бакалавриат немесе магистратура бағдарламаларының біріне қабылданып қоюы тиіс
  3. Ағылшын тілін жетік білу
  4. Студенттер басқа да гранттар мен стипендиялардың иегері болмауы керек

Стипендияға қалай тапсыруға болады?

Студенттер Monash University-нің бакалавриат немесе магистратура бағдарламаларының біріне алдын ала қабылдануы керек. Осыдан кейін ғана стипендияға тіркеліп, құжаттар тапсыруға болады.

Дедлайндар: 

15 қазан, 15 қараша, 15 қаңтар – оқу күзде басталады

15 наурыз, 15 сәуір, 15 мамыр – оқу көктемде басталады