СДУ ішкі олимпиадасы

SDU Proficiency Test
СДУ ішкі олимпиадасы

SPT (SDU Proficiency Test) – бұл ағымдағы жылдың мектеп және колледж түлектеріне арналған СДУ ішкі олимпиадасы. Олимпиаданың негізгі мақсаты – талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесу және түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы оларға қолдау көрсету. Олимпиадада әрбір оқушы таңдаған бағыты бойынша өз білімін көрсете отырып, СДУ ішкі грантын немесе жеңілдік ұтып ала алады.
SPT олимпиадасы оқушының таңдау пәніне қарай 6 кластер бойынша өткізіледі: физика, география, ағылшын тілі, әдебиет, биология-химия және дүние жүзі тарихы. Сондай-ақ қосымша таңдау пәніне сәйкес бағытта ағылшын тілі, математика, қазақ тілі / орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен сұрақтар болады.
Үздік нәтиже көрсеткен алғашқы 250 қатысушы – грант пен жеңілдіктерге ие болады. Грант пен жеңілдік толық 4 жылға жарамды.
Естеріңізге сала кетейік, абитуриенттерге 2015 жылы 80, 2016 жылы 200 ішкі грант пен жеңілдік бөлінген. Бүгінде грант пен жеңілдік саны 250-ге жетті. Олимпиада биыл төртінші рет ұйымдастырылғалы отыр.
SPT олимпиадасы туралы
Онлайн регистрация: әлі басталмады, қатысуға өтініш беруге болады
Уақыты: 4 наурыз 2018 жыл сағат 11:00. (Астана уақытымен)
Кластерлер: Физика, География, Ағылшын тілі, Әдебиет, Тарих, Биология-Химия
Экзамен түрі: Тест
Cұрақ саны: 100 сұрақ / 100 ұпай
Ұзақтығы: 150 минут (2,5 сағат)
Тілі: қазақ / орыс
Қажетті құжаттар: Оқу орнынан берілетін анықтама және жеке басын растайтын құжат (туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе төлқұжат).