Хабарландыру!

Семей қаласындағы ФМБ НЗМ  математика, информатика, химия, география, ағылшын тілі, физика, педагог-ұйымдастырушы-куратор пәндері бойынша мұғалімдерге іріктеу конкурсын жариялайды.

Конкурс 2022 жылдың 18 маусым күні сағат 10:00 -де Семей қаласы, Қарағайлы шағын ауданы 1 мекен жайында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін  https://www.nis.edu.kz/kz/ веб-сайтындағы «Бос орындар» бөліміндегі 1-кезеңге тіркеліп, тестілеуге арналған орынды таңдап, түйіндемені толтырыңыз.

Тестілеу күні 9:30-ға дейін мектепке келуіңіз керек. Өзіңізбен бірге жеке куәлік, түйіндеме, қаламыңызды ұмытпаңыз.

Толық ақпаратты 8 (7222) 63-63-50 телефоны арқылы білуге болады.