Назар аударыңыз! НЗМ ақылы оқуға түскісі келетін үміткерлер үшін!

“Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының Семей қаласындағы “физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі” филиалы ақылы негізде білім алуға оқушыларды қабылдау туралы хабарлайды.

7-сыныпта ақылы білім алуға заңды өкілдердің өтініштерін қабылдау тамыз айының бірінші жұмыс күнінен бастап оқу жылының соңына дейін жүзеге асырылады.

Зияткерлік мектептердің 8, 9, 11-сыныптарында ақылы негізде білім алуға заңды өкілдердің өтініштерін қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

Зияткерлік мектептің 11-сыныбында оқу үшін құжаттарды қабылдау кезінде 9-сыныпта оқуын аяқтаған немесе басқа білім беру ұйымдарының 10-сыныбында оқитын оқушылар өтініш бере алады.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша 8 (7222) 63-63-50 телефонына хабарласыңыз.