Пятый день экспедиции

Сапалы сүт өнімдері

Біз бүгін Ақтөбе қаласындағы «Айс» сүт компаниясында қонақ болдық. «Айс» компаниясы 1999-шы жылдан бастап, сүт өңдеумен айналысып келеді.Қазіргі таңда бұл компания Ақтөбе облысындағы 40-қа жуық ауылшаруашылық кәсіпорынымен  серіктес. Бұл шаруа қожалықтары  сүтті  «Айс» компаниясына жеткізіп тұрады.   «Айс-плюс» ЖШС Ақтөбе облысындағы жабық циклі бар жалғыз зауыт болып табылады.
«Айс» компаниясында инновациялық жаңа технологиялар қолдану арқылы көп сақталатын әрі сапалы өнім дайыдалады екен. Жұмысшыларға жұмыс кезінде көп ауыртпалық түспейді, себебі сүтті өңдеу сатысы толығымен автоматтандырылған. «Айс-плюс» компаниясының басшылығына  үлкен алғыс білдіреміз, өйткені олар бізді жай аралатып шыққан жоқ, әр сатыдағы технологиямен таныстырып және  онда қандай өнім дайындалатынын, оның не үшін керек екенін толықтай түсіндірді.
Бір байқағанымыз, зауытта барлығы стерильді және таза. Бұндай тазалықта жасалған өнім халықтың кең сұранысына ие болады деп ойлаймыз.  Қайтып бара жатқанда бізге базарлық ретінде компанияда  жасаған өнімдер  табыс етілді. Бізге өлардың  барлығы  ұнады. Болашақта біз «Айс» сүт компаниясының өнімдерін шығыста да көреміз деген ойдамыз.